Түпкі пайдаланушы
лицензиялық келісімі
ЖАБДЫҚТЫ ҚОЛДАНБАС БҰРЫН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
Түпкі пайдаланушы лицензиялық келісімі («ЕULA») (a) сіз (жеке не жалғыз
ұйым) және (b) HP Inc. («HP») арасындағы НР өнімімен («HP өнімі») бірге
пайдалануға арналған орнатылған немесе НР арқылы қолданылуы мүмкін кез келген
бағдарламалық құралды пайдалануды басқаратын заңды келісім, бұл сіз және НР
немесе оның жабдықтаушылары арасындағы бөлек лицензиялық келісім ретінде
қолданылмайды. Басқа бағдарламалық құралдың желідегі құжатының құрамында EULA
келісімі қамтылуы мүмкін. «Бағдарламалық құрал өнімі» термині компьютер
бағдарламалық құралы дегенді білдіреді және сәйкес медиа, басып шығарылған
материалдарды және «онлайн» не электрондық құжаттамаларды қамтуы мүмкін.
EULA келісіміне арналған түзету мен тіркеме НР өнімімен бірге беріледі.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАР ТЕК ҚАНА ОСЫ EULA КЕЛІСІМІНІҢ
БАРЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАРЫМЕН КЕЛІСКЕН ЖАҒДАЙДА ҒАНА ҰСЫНЫЛАДЫ. ОРНАТУ,
КӨШІРУ, ЖҮКТЕУ НЕ БАСҚАША ЖОЛМЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОСЫ
EULA КЕЛІСІМІНІҢ ШАРТТАРЫМЕН ШЕКТЕЛЕТІНІҢІЗГЕ КЕЛЕСЕСІЗ. ЕГЕР СІЗ ОСЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТТАРМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, ТӨЛЕНГЕН ҚАРАЖАТТЫ КОМПЬЮТЕРДІ САТҚАН
ОРЫННЫҢ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ СӘЙКЕС ҚАЙТАРУ ҮШІН ПАЙДАЛАНБАҒАН ӨНІМДІ
(ЖАБДЫҚТЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ) 14 ІШІНДЕ САТУШЫҒА ҚАЙТАРУ ЖАЛҒЫЗ ШАРАҢЫЗ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
1. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ. НР компаниясы EULA келісімінің барлық шарттары
мен қағидаларымен бірге қолданылу үшін қамтамасыз етілетін төмендегі құқықтарды
береді:
a. Пайдалану. Бағдарламалық құрал өнімін жалғыз компьютерде («Өзіңіздің
компьютеріңізде») қолдана аласыз. Егер бағдарламалық құрал Интернет арқылы
берілген және басынан бірнеше компьютерлерде пайдалану үшін лицензия берілген
болса, тек қана сол компьютерлерде бағдарламалық құралды орнатып, пайдалануға
болады. Бағдарламалық құралды бірнеше компьютерде пайдалану үшін құрамдас
бөліктерін бөлуге болмайды. Бағдарламалық құрал өнімін таратуға құқығыңыз жоқ.
Бағдарламалық құрал өнімін пайдалану мақсатымен бағдарламалық құрал өнімін
компьютеріңіздің уақытша жадына (RAM) жүктеуге болады.
b. Сақтау. Бағдарламалық құрал өнімін жергілікті жадына немесе НР
өнімінің сақтау құрылғысына көшіруге болады.
c. Көшіру. Бағдарламалық құрал өнімінің архивтік не сақтық көшірмелерін
жасауға болады, көшірмелер барлық бағдарламалық құрал өнімінің жекеменшік
хабарламаларын қамтуы және тек қана сақтық көшірме мақсатында пайдаланылуы
қажет.
d. Құқықтың сақталуы. НР және оның жабдықтаушылары осы EULA келісімінде
арнайы берілмеген барлық құқықтарды сақтайды.
e. Тегін бағдарламалық құрал. Осы EULA шарттары мен қағидаларына
қарамастан, НР бағдарламалық құралы не үшінші тарап арқылы берілген жалпы
лицензия («Тегін бағдарламалық құрал»), бағдарламалық құрал жекеменшігі болып
табылмайтын бағдарламалық құрал өнімінің барлығы не кез келген бөлігі
бағдарламалық құрал лицензиялық келісімінің шарттары мен қағидаларына рұқсат
береді. Тегін бағдарламалық құралдар жүктеп алу уақытында қабылдаған бөлек
келісім, лицензия құралы немесе электрондық лицензия шарттарының пішімдерімен
бірге беріледі. Тегін бағдарламалық құралды пайдалану толығымен сол лицензияның
шарттары мен қағидалары арқылы басқарылуы қажет.
f. Өтеу шешімдері. Қатты диск драйверіне негізделген шешім, сыртқы
арқауға негізделген қалпына келтіру шешімі (мысалы, дискета, ықшам дискі немесе
DVD дискі) немесе басқа түрде жеткізілген шешім эквивалентінің пішініндегі НР
өнімімен бірге берілген кез келген қалпына келтіру шешімдері, тек қана
бастапқыда қалпына келтіру шешімі сатып алынған НР өнімінің қатты дискісіндегі
деректерді қалпына келтіруге ғана пайдаланылады. Мұндай қалпына келтіру
шешімінде қамтылған Microsoft амалдық жүйесін пайдалану Microsoft лицензиялық
келісімі арқылы басқарылады.
2. ЖАҢАРТУЛАР. Жаңарту ретінде анықталған бағдарламалық құрал
өнімін пайдалану үшін жаңартуға НР компаниясы арқылы сәйкес деп танылған
бастапқы бағдарламалық құрал өніміне арналған лицензияны алдымен қабылдау
қажет. Жаңартудан кейін жаңарту жарамдылығына негізделіп пішімделген бастапқы
бағдарламалық құрал өнімі бұдан кейін пайдаланылмауы мүмкін. Бағдарламалық
құрал өнімін қолдану арқылы да сіз бағдарламалық құрал өнімдерінің нұсқасын
немесе күйін тексеру үшін Интернетке қосылған кезде НР компаниясының НР өніміне
автоматты түрде қол жеткізе алатынмен және НР бағдарламалық құралының және НР
өнімінің жұмысын, өнімділігін немесе қауіпсіздігін жүзеге асыру үшін қажетті жаңа
нұсқаларды немесе жаңартуларды беру мақсатында НР өнімдері бойынша осындай
бағдарламалық құрал өнімдері жаңа нұсқаларының жаңартуларын автоматты түрде
жүктеп ала алатынымен немесе жаңарта алатынымен келісесіз. Белгілі бір
жағдайларда және жаңа нұсқасының немесе жаңартудың түріне байланысты жаңа
нұсқаны немесе жаңартуды іске қосу үшін қажетті болуы мүмкін ескертулер
беріледі (қалқымалы терезе немесе басқа әдістер арқылы).
3. ҚОСЫМША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ. Бұл EULA келісімі НР
компаниясы жаңарту немесе қосымшамен бірге басқа шарттармен қамтамасыз еткенше,
НР арқылы берілген бастапқы бағдарламалық құрал өніміне арналған жаңартулар
немесе қосымшаларға қатысты қолданылады. Осы шарттар арасында келіспеушілік
туған жағдайда басқа шарттар күшіне енеді.
4. ТАСЫМАЛДАУ.
a. Үшінші тарап. Бағдарламалық құрал өнімінің бастапқы пайдаланушысы
басқа түпкі пайдаланушыға бағдарламалық құрал өнімін бір рет қана тасымалдай
алады. Кез келген тасымалдау осы EULA келісімін, барлық құрамдас бөліктерін,
басып шығарылған материалдарды және қолданыста болғанда, сәйкестік куәлігін
қамтуы қажет. Бұл тасымалдау жіберілген тауар партиясы сияқты тікелей емес
тасымалдау болмауы қажет. Тасымалдамас бұрын тасымалданатын өнімді алатын түпкі
пайдаланушы барлық EULA шарттарымен келісуі қажет. Бағдарламалық құрал өнімі
тасымалданған сәттен бастап, лицензияңыз автоматты түрде аяқталады.
b. Шектеулер. Бағдарламалық құрал өнімін уақытша қолдануға, жалға не
қарызға беруге немесе бағдарламалық құрал өнімін коммерциялық ортақтасу не
бөліммен пайдалануға болмайды. Осы EULA келісімінде ерекше берілгеннен басқа
жағдайда бағдарламалық құрал өнімінің сублицензиясын беруге, лицензияны беруге
не тағайындауға болмайды.
5. ЖЕКЕМЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР. Барлық бағдарламалық құралдағы интеллектуалды
жекеменшік құқықтар және пайдаланушы құжаттарын НР компаниясы не оның
жабдықтаушылары иеленеді және олар басқа қолданыстағы заңдар мен халықаралық
келісім шарттары сияқты АҚШ авторлық құқығы, кәсіби құпия және сауда белгісін
қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін заңдар арқылы қорғалады. Ешқандай өнім
белгілерін, авторлық құқық хабарламалары не жекеменшік шектеулерін
бағдарламалық құрал өнімінен алып тастамаңыз.
6. ҚАЙТА ҚҰРАСТЫРУ ШЕКТЕУЛЕРІ. Осы шектеу немесе ол EULA
келісіміне төтенше берілгенге қарамастан, сәйкес заңда құқықты түрде солай
жасау рұқсат етілгеннен басқа жағдайда, бағдарламалық құралды қайта
құрастыруға, құрылымын не бағдарламалық өнімін өзгертуге болмайды.
7. МЕРЗІМ. Осы EULA келісімі аяқталған немесе жарамсыз деп
танылғанға дейін жарамды болады. Осы EULA келісімі EULA келісіміндегі кез
келген белгіленген шарттарға немесе осы EULA келісімі шарты не қағидаларын
орындауда қате туындаған жағдайда да аяқталады.
8. ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ/ПАЙДАЛАНУ ҮШІН КЕЛІСІМ.
a. HP компаниясы НР бағдарламалық құралына және НР өніміне қатысты құпия
техникалық мәліметтерді жинақтау үшін "cookie" файлдарын немесе басқа
Интернетке негізделген техникалық құралдарды қолданады. Бұл деректер
жаңартуларды және 2-бөлімде сипатталған сәйкес қолдауды немесе басқа
қызметтерді беру үшін қолданылады. НР Интернет протоколы мекенжайын немесе НР
өнімімен байланыстырылған басқа бірегей идентификатор мәліметтерін қамтитын
жеке мәліметтерді және НР өнімін тіркеу бойынша сіз берген деректерді
жинақтайды. Сондай-ақ, жаңа нұсқаларды және сәйкес қолдауды немесе басқа
қызметтерді берумен қоса, осы деректер сізге маркетинг байланыстарын жіберу
үшін қолданылады (қолданыстағы заң бойынша талап етілетін жерде сіздің тікелей
келісіміңізбен жүзеге асырылады).
Қолданыстағы заңмен рұқсат етілетін жағдайларда, осы шарттарды және
қағидаларды қабылдау арқылы сіз осы ақырғы пайдаланушымен лицензиялық келісімде
және әрі қарай НР қауіпсіздік саясатында сипатталғандай НР компаниясының, оның
еншілес компанияларының және бөлімшелерінің құпия және жеке деректерді
жинақтайтынымен және қолданатынымен келісесіз www.hp.com/go/privacy
b. Үшініші тараппен жинау/пайдалану. НР өнімінде қамтылған белгілі
бағдарламалық құрал бағдарламалары үшінші тарап арқылы беріледі және оған бөлек
лицензия жасалады (“Үшінші тарап бағдарламалық құралы”). Осындай бағдарламалық
құралды белсендіруді/сатып алуды таңдамаған болсаңыз, үшінші тарап
бағдарламалық құралын НР өнімі бойынша орнатуға және қолдануға болады. Үшінші
тарап бағдарламалық құралы жүйеңіз және (мыс., IP мекенжайы, бірегей құрылғы
идентификаторы, орнатылған бағдарламалық құрал нұсқасы, т.б.) басқа жүйе
деректері туралы техникалық мәліметтерді жинақтай және жібере алады. Бұл
мәліметтер техникалық жүйе көрсеткіштерін анықтау үшін үшінші тарап арқылы
қолданылады және жүйеңізде бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасының
орнатылуын қамтамасыз етеді. Үшінші тарап бағдарламалық құралының осы
техникалық мәліметтерді жинақтауын немесе нұсқа жаңартуларының автоматты түрде
жіберілуін қаламасаңыз, Интернетке қосылған кезде бағдарламалық құралды жою
қажет.
9. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ. ЗАҢ АРҚЫЛЫ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕНДЕЙ,
НР ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ «ОСЫ КҮЙДЕ» ЖӘНЕ БАРЛЫҚ
ҚАТЕЛІКТЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ, МҰНДА БАРЛЫҚ АНЫҚ, НЕГІЗДЕЛГЕН НЕМЕСЕ
ОРНАТЫЛҒАН БАСҚА КЕПІЛДЕР, КЕПІЛДІКТЕР МЕН ШАРТТАР, САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ НЕ АРНАЙЫ
МАҚСАТҚА АРНАЛЫП НЕГІЗДЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР, МІНДЕТТЕР НЕ ҚАҒИДАЛАР ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ
ЕШҚАНДАЙ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ӨНІМІНЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ
ВИРУСТАРДЫҢ БОЛМАУЫНАН БАС ТАРТАДЫ. Кейбір мемлекеттер/заңнамалар негізделген
кепілдіктер мен шектеулердің ерекшеліктеріне негізделген кепілдік уақытына
рұқсат бермейді, сондықтан жоғарыда көрсетілген бас тарту сіз үшін толығымен
қолданылмайды.
АВСТРАЛИЯ МЕН ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ КЕПІЛДЕРІНІҢ КҮШІН
АВСТРАЛИЯНЫҢ ЖӘНЕ ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАР ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС БОЛДЫРМАУҒА
БОЛМАЙДЫ. АВСТРАЛИЯ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ ІРІ АҚАУЛЫҚ ҮШІН АУЫСТЫРУ НЕМЕСЕ АҚША
ҚАЙТАРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МҮМКІН ЖОҒАЛТУ НЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАҚЫМ ҮШІН ӨТЕМАҚЫНЫ АЛУ
ҚҰҚЫҒЫ БАР. СОНЫМЕН ҚАТАР, АВСТРАЛИЯ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ САПАСЫ ҚОЛАЙЛЫ БОЛМАҒАН ЖӘНЕ
БҰЛ ҚАТЕ ІРІ АҚАУЛЫҚҚА ӘКЕЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖӨНДЕУ НЕМЕСЕ
АУЫСТЫРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛАДЫ. ЗАТТАРДЫ БИЗНЕСТЕ ЕМЕС ЖЕКЕ, ЕЛДЕ НЕМЕСЕ ҮЙДЕ
ПАЙДАЛАНУ НЕ ТҰТЫНУ ҮШІН САТЫП АЛҒАН ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ («ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ
ТҰТЫНУШЫЛАРЫ») АҚАУЛЫҚТЫ ЖӨНДЕУ, ҚҰРАЛДЫ АУЫСТЫРУ НЕМЕСЕ ОҒАН ТӨЛЕНГЕН АҚШАНЫ
ҚАЙТАРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ МҮМКІН ЖОҒАЛТУ НЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАҚЫМ ҮШІН ӨТЕМАҚЫНЫ АЛУ
ҚҰҚЫҒЫ БАР.
10. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ. Жергілікті заңға сәйкес,
туындауы мүмкін кез келген ақаулықтарға қарамастан НР компаниясының және оның
жабдықтаушыларының осы EULA шарттарына байланысты барлық міндеттемесі және
келешек шектеулердің барлығына арналған, сіздің төтенше шараңыз көлемінің
шамасына қатысты сізге бағдарламалық құрал өніміне бөлек-бөлек немесе 5,00 АҚШ
доллары көлемінде төленеді. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ АРҚЫЛЫ РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЕҢ ҰЗАҚ
МЕРЗІМГЕ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН ЖАҒДАЙДА НР НЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ КЕЗ КЕЛГЕН
АРНАЙЫ, АПАТ ЖАҒДАЙЫНДА, ТІКЕЛЕЙ НЕ ЖАНАМА ЗАҚЫМДАРДЫҢ БӘРІНЕ ЖАУАПТЫ, ТӨМЕНДЕГІЛЕРДІ ҚАМТИДІ, БІРАҚ
ОЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ: ПАЙДА, ҚҰПИЯ АҚПАРАТЫ НЕ БАСҚА АҚПАРАТТЫ ЖОҒАЛТУ
АҚАУЛЫҚТАРЫ, ІСКЕРИ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ, ЖЕКЕ АДАМҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ, ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ
ЖОҒАЛТУ НЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНСІЗДІГІ, БАСҚАША АЙТҚАНДА ОСЫ
EULA ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ, ТІПТЕН HP НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ОСЫНДАЙ
АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ АРНАЙЫ МАҚСАТЫНЫҢ ҚАТЕЛІКТЕР ШАРАСЫ ЕСКЕРТІЛГЕН ЖАҒДАЙДА ДА.
Кейбір штаттар/заңдар кездейсоқ немесе жанама зардаптарды шығарып тастауға
немесе шек қоюға рұқсат етпейтіндіктен, мұндай әрекеттер сізге қатысты
қолданылмайды.
11. АҚШ ҮКІМЕТІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫ. НР компаниясының стандартты
коммерциялық лицензиясы арқылы АҚШ үкіметіне FAR 12.211 және 12.212 талаптары
бойынша, Коммерциялық компьютерлік бағдарламалық құрал, Компьютерлік
бағдарламалық құрал құжаттары және Коммерциялық элементтерге арналған
техникалық деректерге лицензия беріледі.
12. ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН СӘЙКЕСТІК. Бағдарламалық құрал өнімі (1)
экспорттау заңдарын бұзбай тікелей не тікелей емес экспортталғанына немесе (2)
шектеу, ядролық, химиялық немесе биологиялық қаруларды таратудан аулақ болуды
қамтитын экспорттау заңдары тыйым салған мақсаттарды пайдаланбайтынына сенімді
болу үшін АҚШ және басқа мемлекеттердің заңдары мен қағидаларын («Экспорттау
заңдары») ұстану қажет.
13. КЕЛІСІМ-ШАРТ АУҚЫМЫ ЖӘНЕ КҮШІ. Сіз өмір сүретін
мемлекетіңізде кәмелетке толғандығыңызды және қажет кезде толығымен жұмыс
беруші атынан бекітіліп келісім-шартқа ене алатыныңызды растайсыз.
14. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ. Осы EULA келісімі жабдық сатып алынған елдің
заңдары арқылы басқарылады.
15. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ. Осы EULA келісімі (НР өнімімен қамтылған EULA
келісіміне қосымша және өзгертулерді қамтитын) Бағдарламалық құралға қатысты
сіз бен НР арасындағы толық келісім және ол Бағдарламалық құралға қатысты
немесе осы EULA келісімінде қамтылған барлық жағдайлардың бұрынғы не қазіргі
ауызша не жазбаша қарым-қатынастарын, жобаларын және көзқарастарын ауыстырады.
НР саясаттары не бағдарламаларының шарттарының ұзақтығы мен осы EULA шарттары
арасындағы қолдау көрсету қызметтері келіспеушіліктерінде болғанда, EULA
келісімінің шарттары басқарады.
© Copyright 2015 HP
Development Company, L.P.
Осы құжатта қамтылған
ақпарат алдын ала ескертусіз өзгертіледі. Осы құжатта көрсетілген басқа өнім
атаулары компаниялардың сауда белгілері болуы мүмкін. Заңдарда белгіленген
талаптарға сәйкес, HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен
және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы
құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс. Заңдарда
белгіленген талаптарға сәйкес, HP осы құжаттағы техникалық немесе басылған не
түсіп қалған қателер үшін жауапты болмайды.
Бірінші басылым: тамыз,
2015 ж.
817678-DF1